Алматы облысында жанжал кезінде қайтыс болған Шерзат Болаттың үйі бүгін түнде өртенді. Бұл жағдайға байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады. Бас прокуратура мәліметіне сәйкес, қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды. Сондай-ақ қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.