Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау қызметін атқару үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. «Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.