Белгілі қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбағаны үшін Алматы облыстық сотының шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды. Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 6 шілдеде тәртіп сақшылары Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.