Тараз қаласының Қарасу шағын ауданында жарылыс болды. Жауапты қызмет оның себептерін анықтап жатыр. «22 маусымы сағат 21:50–де „QazaqGaz Aimaq“ АҚ Жамбыл өндірістік филиалының жедел-диспетчерлік қызметіне Тараз қаласының „Қарасу“ шағын ауданында күшті жарылыс болғаны туралы хабарлама түсті. Зардап шеккендер жоқ», — деп мәлімдеді ведомстводан.