Былтырғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша грант иегері Қанат Тәжіхан «Future Solar Power Plant» жобасын жүзеге асырды. Өнертапқыш Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12-сыныпта оқиды. Ол болашақта IT инженері болуды армандайды. Қанат Тәжіхан грант қаражатына қуаттылығы 6,6 кВт болатын Қазақстандағы тұңғыш қалқымалы күн электр станциясын жасап шығарды. Жүйе күн трекерімен және өзін-өзі тазалау функциясымен жабдықталған. Автордың айтуынша, оның жобасы Қазақстан нарығындағы ең тиімдісі.