Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тасқын судан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды. «Ырғыз ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіліп жатыр. Материалдық және әлеуметтік төлем төленіп, жаңа үйлер салынып жатыр, сондай-ақ, тұрғындар келісіміне сәйкес, өздері қалаған тұрғын үйді сатып ала алады. Бүгінгі күні 35 отбасы қоныстойын тойлады, 125 отбасы жаңа салынып жатқан үйлеріне көшеді», — делінген хабарламада.Нұра ауылының зейнеткер тұрғындары Нұрабек Бекназаров және Қымбат Баймұратова аудан орталығынан баспаналы болды.