Ақтөбе облысының барлық ауданында дайын үй сатып алу жұмысы аяқталды. Бұл жұмыс тек облыс орталығы Ақтөбе қаласында ғана жалғасып жатыр. Биыл көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе облысында 4087 үй мен саяжайдағы баспанаға су кірді. Салдарынан 1014 үй апатты деп танылды.