Атырау облысындағы Құлсары қаласының 7 шағын ауданын тасқын су қаупі төніп тұр. Атырау облысының жедел штабынан ақпаратына сүйенсек, бүгін, 7 сәуірде сағат 08:00-дегі мәліметке сәйкес Құлсары қаласында 2 810 тұрғын үй мен әкімшілік нысандар су астында қалған. Алты бизнес нысанының ауласына тасқын су кірген.