Текелі қалалық ауруханасының қызметкерлері мекеме басшылығына қатысты наразылықтарын білдірді. Олар аурухананың басшысы мен ішкі жұмыстарын толық тексеруді сұрайды. Медицина қызметкерлерінің шағымына байланысты облыстан арнайы комиссия құрылды. Текелілік медицина қызметкерлері аурухананың бас дәрігері Аслан Қалибеков өз командасымен келіп, оларға ерекше жағдай жасап отырғанына наразы.