Егер қайықтың бір жағына көп адам отырса, қайық аударылып қалуы мүмкін, – дейді Бурахан дауысы гүрілдеп. – Сол секілді халық та елдің төрт тарапын теңдей ұстап тұруға тиіс. Қазір Сарыағаш пен Мақтааралды қоссаң, бір Солтүстік Қазақстан облысы шығады. Бір шетіміз қалың, бір шетіміз селдіреп тұр. Халықтың қоныстану тепе-теңдігі – қауіпсіздікке, экономикалық-әлеуметтік жағдайға, демографиялық ахуалға әсер ететін нәрсе.