Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамның мәйіті Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылының шетінен табылды. Бұған дейін Lider.kz ұйымының еріктілері әлеуметтік желіде 42 жастағы Ермек Жақыпжановтың жоғалып кеткені туралы хабарландыру жариялаған болатын. Ол 9 қазан күні таңертең Масаншы көшесінің бойындағы үйінен Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алматы облыстық полиция департаменті 10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр ауылының шетінде 42 жастағы ер адамның денесі табылғанын мәлімдеді.