БҚО-ның Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, төрт отандасымызды өлтірді деген күдікке ілінген Өзбекстанның 48 жастағы азаматы Шафкат Жазиловқа қатысты сот отырысы басталды. Шафкат Жазилов ағымдағы жылдың көктемінде Бәйтерек ауданындағы Богат кентіне, егін шаруашылығына маусымдық жұмысқа келген. Шаруа қожалығының аумағындағы уақытша ғимаратта онымен бірге тағы 15 жерлесіміз тұрған. Сәуір айының соңында Жазилов пен оның әріптесі Усаровтың арасында жанжал туындап, оған Усаровтың өндірістік кәсіпорын басшысына жұмыста болып жатқанның бәрін айтып бергені себеп болған.