«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 28-і күнгі күн райы болжамын жариялады. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 28-қыркүйекте ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, күн жауын-шашынсыз әрі салқын болады. ҚР бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте, шығыста, елдің орталығында тұман түсіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.