Төрт тілді тең меңгерген қазақ баласы жаһан жұртын тәнті етті. 11 жасар Бекнұр Жәнібектің әлемге танымал блогер Юджиге берген сұхбаты желіде миллиондаған қаралым жинаған. Қол-аяғы болмаса да, көптен озған жеткіншек қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлейді.