Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова елімізде филиалдарын ашқан шетелдік жоғары оқу орындарына бірыңғай талап қойылатынын мәлімдеді. Мұндай талапқа оқу бағдарламаларының халықаралық стандарттарын, оқыту технологиясын және студенттердің білімі мен біліктілігін бағалау механизмдерін трансферлеу шаралары енгізіледі. Мұндай шарттар қазан айының соңына дейін әзірленеді.