Мәжіліс депутаттары заңнамаға тұрғын үй саясатын реформалау бағытындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды Сенат қосқан түзетулермен бірге қабылдады. Бұл заң арендалық пәтерде тұрып жүрген 51 мың адамның, тұрғын үй кезегінде тұрған 650 мың қазақстандықтың мүддесімен тікелей байланысты. Мәжілісте осы заң жобасымен айналысқан жұмыс тобының жетекшісі Ұлықбек Тұмашиновтың айтуынша,жаңа заң қолданыстағы заңнаманың 237 тұсына өзгеріс пен толықтыру енгізуі керек болған. Сенат оны өз тарапынан 4 позициямен толықтырыпты. Бірақ оның бәрі негізінен нақтылаушы сипатта. Яғни, Мәжіліс қабылдаған заңның тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді.