Жетісу облысында 14 жыл бұрынғы су тасқынынан кейін салынған үйге қатысты дау шықты. Қызылағаштықтар бұрынғы әкім заңды белшеден басып, коммуналдық баспананы меншіктеп алды деп шағым жазған. 2010 жылы болған алапат апаттан кейін ауылда бой көтерген үйлердің 12-сі коммуналдық санатқа өткен. Соның бірі — С. Жайсанұлы көшесіндегі 6-үй. Пайдалануға берілгелі елді мекенге сырттан келетін жас мамандар тұрып келген. Алайда 2017 жылы бұл үйді шенеуніктің туысы жекешелендіріп алғанын айтады халық.