Стамбұлда қазақстандық «Почти Мачо» комедиясының түркиялық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған жабық көрсетілімі өтті. Ал бүгіннен бастап фильм Түркияның 80-нен аса кинотеатрында көпшілік көрерменге ұсынылады. Бұған дейін қазақ киноларынан түрік тіліне тек тарихи фильмдер аударылған, ал жастарға арналған комедия жанрындағы фильм алғаш рет көрсетіліп отыр. Көрсетілімге жиналғандар фильмге жоғары баға берді. Картинада анасы аз уақытта үйлендіргісі келетін Дамир атты жас жігіттің басынан өткен қызықты оқиғалар сәтті өрілген.