Жергілікті тұрғынға танысын өлтірмек болды деп айып тағылған болатын. Қазір күдікті қамауға алынды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстаған.