Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды. Қайтыс болған жігіттің ағзасы Шымкент, Астана, Алматы қаласындағы 4 науқасқа бөліп берілмек. Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жол апатынан кейін медициналық мекемеге ауыр халде жеткізіліп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді.