Бойжеткен фотосессия жасау кезінде абайсызда Сайрам су өзеніне құлап кеткен. Құтқарушылар қыздың денесін сағат 16:10-да судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Оқиға Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында болды. Достарының айтуынша, жасөспірім фотосессия жасау кезінде абайсызда Сайрам су өзеніне құлап кеткен.