Полиция «Ақшаңды еселеп қайтарып беремін деп, тұрғындарға 160 миллион теңге шығын келтірген алаяқтың ісін сотқа жолдады. «Түркістан облысы Полиция департаментінің «Cyberpol» нысаналы соққы беру тобының қызметкерлері жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізіп, профилактиканы күшейтті. Соның нәтижесінде 410 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, 200-ге тарта дерекке түпкілікті шешім қабылданды», - делінген полиция хабарламасында.