«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Ордабасы ауданының мәдениет күндері өтіп жатыр. Этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Іс-шараны тамашалауға келген түркістандық 74 жастағы Шавкат Қажымұратов 45 келілік бөренені 10 рет көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырды. Сондай-ақ ол кір тасын көтеру сайысына қатысып, жастармен күш сынасты. Жеңіс тұғырынан көрінген ақсақал арнайы марапатталды.