Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осыған орай Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, елордаға жолға шықты. Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі Құдықхана бұлақ суы құйылған торсықты Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі Ғалымжан Изжанов тапсырды.