Соңғы күндері елімізге танымал мәдениет саласының өкілдері мәдениетсіздік танытып, қамауға алынғаны қоғамды елең еткізгені рас. Әдетте тойда жүретін әншілердің темір тордың ар жағынан табылуы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатыр. «Тұрсынбек, Тұрсынбек, жүректер дүрсілдеп» деп сахнаға шығатын Тұрсынбек Қабатов тұрақты көрермендерінің жүрегін қатты дүрсілдетіп қойды. Танымал әзілкештің концертін үзбей көретіндер «Не боп қалды екен?» деп алаңдап қалды. Сөйтсек, қазақстандық шоумен 2 маусымда таңертең мас күйінде Алматы — Астана рейсінде балағат сөз айтыпты.