Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық жағдай туралы мәліметті жариялады. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құраған. 6 айда халықтың жалпы өсімі 125,8 мың адамға жеткен. Дүниеге келген бала саны 184,7 мың сәби болса, қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам.