Украиналық әскери тұтқынның өлтірілгені көрсетілген видеоға қатысты тергеу басталды. Донецк облысының прокуратурасы қасақана кісі өлтірумен байланысты соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзу фактісі бойынша тергеу бастады, деп хабарлады Украина бас прокуратурасы. «2024 жылдың 9 қарашасында Telegram арналарының бірінде ресейлік қарулы күштердің өкілдері жараланған украин әскери қызметкерін қалай тұтқындағаны бейнеленген видео пайда болды.Басқыншылар жерде жатқан қарусыз қорғаушыны автоматтан тіке көздеп тастады», - делінген ведомство хабарламасында.