Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының кеңейтілген отырысында Қазақстан төрағалығымен өткен жылдың негізгі қорытындысын мәлім етті. «Жыл бойы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдардың жауынгерлік даярлығына ерекше назар аударылды. Бүгін біз екі халықаралық келісімдердің екі хаттамасына қол қоямыз. Бірі – ҰҚШҰ күштері мен құралдарының мәртебесі туралы, екіншісі Әскери контингенттерді тасымалдау мәселелерін қамтиды», - деді Президент.