Ұлттық банк елдің валюта нарығындағы ахуалға байланысты түсінік берді. «16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз, соған 1 млрд теңге жұмсалды. Интервенция жүргізу қарапайым азаматтарға, яғни жеке тұлғаларға әсер етпейді. Кеше сағат 18:00-де барлық филиалдан ақпарат жинадық, ешқандай артық сұраныс болмай тұр. Бұл тек қана Қазақстан қор биржасында жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаларға қатысты. Біз тұтынушы ретінде сол қалыптамыз», – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баспасөз мәслихатында.