азақстандағы қазіргі экономикалық жағдай жалпы ішкі өнімнің оң өсуімен сипатталып отыр.Биыл жаһандық экономика геосаяси тұрақсыздық аясында қалыптасып келеді. Біз әлемдегі бірқатар әскери қақтығыстардың салдарынан нарықта жоғары құбылмалылықты, сауда және капитал ағындарында өзгерістерді байқап отырмыз. Бұл жалпы экономикалық динамикаға әсер етіп отыр. Еліміздің экономикасы үшін маңызды фактор саналатын мұнай бағасының біршама төмендеу тәуекелі барын атап өтемін. Бұл тәуекелдерге қарамастан, Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдай жалпы ішкі өнімнің оң өсуімен сипатталады. Биылғы 9 айда жалпы ішкі өнім 4 пайызға өсті. Өсім экономиканың барлық саласында байқалып отыр, - деді Т. Сүлейменов.