2023 жылдың наурызында Қазақстан мен Ұлыбритания сирек минералдар саласындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Арада бір жыл өткен осы серіктестіктің жол картасына қол қойылды. «Ол келісімнің үш негізгі бағыты бар. Біріншісі инвестициялық жобаларды бірлесіп қарауды көздейді. Бұл тұрғыда елшілік Kazakh Invest компаниясымен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр.