Астанада «Үркер – 2024» республикалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Дәстүрлі «Үркер» ұлттық сыйлығы 12 номинация бойынша табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл БАҚ өкілдерінен 400 өтінім түскен. БАҚ өкілдерінің жұмыстарын беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «Үркер» - 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.