Астанада бұрынғы әйелі мен үш баласын тұрып жатқан үйінен мәжбүрлеп шығарған ер адам қамалды. Кеше елорда тұрғыны Дана Атешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтың полицейлермен және жеке сот орындаушылармен бірге үйіне келіп, балаларды бір-бірлеп үйден мәжбүрлеп шығарғанын, өзін соққыға жыққанын әлеуметтік желіде жариялаған. Астана полициясы тергеу басталғанын мәлімдеді.