15 шілдеде утиль алымы мәселесі жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауы өтеді. Көпшілік тыңдау Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің YouTube арнасында трансляциялар бөлімінде тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстанда утиль алымына қарсы петицияға 50 мыңнан аса адам қол қойды. Сондықтан осы мәселені қарайтын жұмыс тобы құрылып, оның мүшелері белгілі болды.