Батыс Қазақстан облысында әкімшілік сотпен су тасқынынан зардап шеккен тұрғынның құқығы қорғалды.БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен нысандарды тексеру, келтірілген материалдық шығынды есептеу жөніндегі аудандық комиссияның шешімімен азамат И-дың меншік құқығында өзге тұрғынжайы болуына байланысты тұрғын үймен қамтамасыз етуден бас тартылған.