Ақтөбеде балалар үйі атауы жоқ. Туғаннан 3 жасқа дейін тәрбиеленетін балалар Сәбилер үйінде жатады. Кейін олар «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына жіберіледі. Мұнда бірнеше жыл бойы орын тапшылығы мәселесі көтеріліп, биыл тағы бір ғимарат қолданысқа берілді. Қазір екі ғимаратта 70 бала тәрбиеленіп жатыр.