«Қазақстан мұғалімі-2024» Ұлттық сыйлығының финалистерін салтанатты марапаттау рәсіміне әлемнің әр түкпірінен келген мұғалімдер, ғалымдар, сарапшылар қатысты. Бұл – Varkey Foundation бекіткен жаһандық мұғалімдер сыйлығы халықаралық байқауы шеңберінде «Қазақстан мұғалімі-2024» ұлттық сыйлығының иегері ретінде 10 үздік ұстаз анықталды. Байқаудың мақсаты – ұстаздық мамандықтың маңыздылығын көрсету ғана емес, сонымен қатар үздік мұғалімдердің еңбегін халықаралық деңгейде көрсету.