Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылға арналған «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға арналған конкурс жариялады. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға конкурс жариялайды.