Алматыда алғаш рет 5-12 маусым аралығында тасжол велоспорттан Азия чемпионаты өтеді. Осыған байланысты жолдың кейбір аумағында қозғалыс уақытша өзгереді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жолдың бір жағы жабылып, екінші жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады. 6-12 маусым аралығында кейбір көшеде жол қозғалысына шектеулер енгізіледі.