Премьер-министр қаулысымен келер жылдан бастап Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді. Бұл кесене күзетіне бөлінетін қаражатты қаншалықты үнемдейді? Жалпы, 2023 жылы күзет қызметіне республикалық бюджеттен 8 434 000 теңге қаржы қаралған. Ал, сол жылы күзет қызметімен 10 897 262 теңгеге келісімшарт жасалып, қаржы төленген. Оның ішінде «ӘділетGroupSecurity» ЖШС-не — 1 897 280 теңге, «Семсер» күзет агенттігі» ЖШС-не — 8 999 982 теңге аударылған.