Жамбыл облысында зират қоршауын қолды қылған күдіктілер ұсталды. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 26 қазанында Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлап жатқан кезінде ұсталды. ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды.