ҚР Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары және жақында сенатор болған Марат Қожаев сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеу тәртібіне қатысты түсінік берді. Тілшілер «Қ. Бишімбаевтың шынымен де жазасын өтеп жатқаны туралы фотосуреті немесе бейнематериалдар неге жарияланбады?» деген сұрақ қойды. «Бишімбаевтың қай жерде қамауда отырғаны құпия емес. Біздегі колониялар әртүрлі категорияларға бөлінген, яғни жеңілдетілген, орташа және қауіпсіздік деңгейі жоғары деп айқындалған. Ол кісі барынша жоғары қауіпсіздік талабы қарастырылған Степногордағы колонияда өз жазасын өтеп жатыр», - деді М. Қожаев.