1 наурыздан бастап “Кәріс келін” киносы Түркістан және Шымкенттегі кинотеатрлардан көрерменге жол тартты. Халық оң пікірлерін білдіріп, отбасымен көруге болатынын айтуда. Айта кетсек, арнамыз былтыр алғашқы кинотуындысын түсірген болатын. Комедиялық мелодрама жанрындағы «Кәріс келін» фильмі өмірдегі шынайы оқиғаға негізделген. Фильмде Сәкен есімді түлкібастық жігіт пен Оңтүстік Кореялық Суджин Ли есімді қыздың арасындағы сырлы сезімге толы хикая баяндалады. Актерлық құрам Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тумалары сомдаған. Сондай-ақ фильм Түркістан қаласы мен Төлеби ауданында түсірілген.