Білім саласына бизнес ретінде қарайтындар жұмыстан кете берсін. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәжіліс отырысында осылай деді. Жалпы өңірде білім сапасын жақсарту мақсатында еліміздің оқу-ағарту министрлігі мен әкімдік 2024-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасы әзірленген. Онда баршаға қолжетімді сапалы білім жүйесі жайы сөз болмақ.