Енді қазақстандықтар Кореяда тегін емделе алады. Бұл - таңғы шық еліндегі “Yeson” орталығы мен Каннам әкімдігі бірлесіп жасаған қайырымдылық жобасы. Аталған мүмкіндік аясында ауыр дертке шалдыққан жерлесіміз Нұрдана Сапарға Сеул қаласында сәтті ота жасалды.