Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде жатыр мойны обырының 600 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Оның тең жартысы өліммен аяқталған. Ал, Қазақстанда күн сайын 2 әйел дәл осы ауыр дерттен көз жұмады екен. Былтыр елімізде осы диагнозбен 1900 науқас анықталып, 600-ден астам қыз-келіншек қайтыс болған. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін биыл қыркүйек айынан бастап екпе егілмек. Аустралиялық екпе әзірге облыс бойынша 11 жастағы 24 мың қызға салынады деп күтілуде.