Биыл Түркістан облысының тұрғындары сақтандыру пакеті шеңберінде 114 млрд теңгеге жуық қаржыға медициналық көмек алған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады. Спикердің сөзінше, биыл Қор филиалы медициналық көмек көрсетуге 225,1 млрд.теңгеден астам сомаға 183 денсаулық сақтау саласының мекемелерімен келісім шартқа қол қойған. Оның ішінде, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне 113,1 млрд теңге, МӘМС пакетіне 113,9 млрд.теңге бөлу жоспарланған. Жалпы жыл басында Түркістан облысының денсаулық сақтау саласына бекітілген бюджет 227 млрд.теңге.