Түркістан облысында республикалық маңызы бар А-15 «Жызақ - Гагарин - Жетісай - Қызыл әскер - Сарыағаш - Жібек жолы» күре жолы жөнделіп жатыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, трассаның жалпы ұзындығы 146 шақырым. Күре жол бойында 30-ға жуық елдімекен орналасқан. Облыс бойынша көлік қарқыны жоғары жолдардың қатарына жатады. Тәулігіне 15 мыңға жуық көлік жүреді. Жөндеу жұмысы тәулік бойы екі ауысымда жалғасып жатыр. 70 маман мен 45 арнайы техника жұмылдырылған.