Шымкентте атышулы іске нүкте қойылды. Аңшылық дүкенге шабуыл жасап, атыс шығарған қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге сала кетейік, жиырмасыншы ақпан күні Өзбекстан азаматы шолақ мылтықпен қаруланып, аңшылық дүкенге шабуыл жасаған еді. Сөйтіп құны 403 000 теңге тұратын сайга қаруы мен 7 оқ дәрісін иемденген. Сондай-ақ, қылмыскер Исмайловтың әрекетін тоқтатпақ болған екі күзетшіге оқ атқан. Соның салдарынан күзетшілер орта, және жеңіл жарақаттарын алған. Тергеу барысында Өзбекстан елінің азаматы аңшылық дүкенінен қаруды алып банк тонамақ болғаны анықталған. Сотталушыға бес бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айта кетейік, қылмыскер деп танылған Исмайлов Ресейде кісі өлтіргені үшін 10 жыл абақтыда отырған.