15 келіден астам марихуана тәркіленді. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтаған. Сақшылар Алтай өңірінің 46 жастағы тұрғынының үйін шұғыл тінту барысында қора ішінен салмағы 15 келіден асатын кептірілген марихуана мен салмағы 3 келіден асатын қарасора өсімдігін тапқан. Барлық заттай дәлелдер зертханалық сараптамаға жіберіліп, оның есірткі заты екені расталған. Ал аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ер адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.